Caspian Marathon 2025 туралы толығырақ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ
2026 жылғы 27 маусымда Ақтау қаласында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай бұқаралық жүгіру жарысы өтеді.
Іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастардың дене белсенділігіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Бүгінгі таңда жастар қоғамның қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан жастардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталған бастамаларды қолдау ерекше маңызға ие.
12-06-2026
ПодробнееTORYSH TRAIL 2026
Маңғыстаудың табиғи ғажайыптары арасындағы бірегей трейл-жарыс
TORYSH TRAIL 2026 — Қазақстандағы ең ерекше табиғи орындардыңбірі саналатын Торыш алқабында өтетін бірегей трейл-жүгіру жарысы.
Қатысушыларды шексіз дала кеңістігі, ежелгі тас шарлар, табиғи өрлермен еңістер, таңғажайып көріністер және Маңғыстау табиғатыныңқайталанбас атмосферасы күтеді.
Торыш — Қазақстанның ең танымал табиғи ғажайыптарының бірі. Дала төсіне шашылған алып тас шарлар әлемнің түкпір-түкпірінентуристерді, фотографтарды және зерттеушілерді қызықтырады. TORYSH TRAIL қатысушылары осы ерекше табиғи ландшафттардыңарасымен жүгіріп өтіп, Маңғыстаудың сұлулығын жаңа қырынантамашалай алады.
Бұл жай ғана жарыс емес. Бұл — өз мүмкіндігіңді сынау, табиғатпенүндесу, жаңа әсер алу және белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарменбірге ерекше оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігі.
05-06-2026
ПодробнееCASPIAN MARATHON 2026 — ЖАЙ ҒАНА ЖҮГІРУ ЕМЕС
2026 жылғы 11 қазанда Ақтау қаласы қайтадан ауқымды спорттық оқиғаның — үшінші қалалық «Caspian Marathon 2026» марафонының орталығына айналады.
Іс-шара кәсіби спортшыларды, жүгіру әуесқойларын, белсенді өмір салтын қолдаушыларды, корпоративтік командаларды, балалы отбасыларды және Каспий теңізінің жағалауындағы жарқын спорт мерекесінің бір бөлігі болуға ұмтылатын барша жандарды біріктіреді.
28-05-2026
Подробнее